Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неміс супермаркеттер желісі рождество мерекесі жайлы жан тебірентерлік бейнеролик түсірді (видео)

Edeka супермаркеттер желісінің 28 қараша күні шығарған бейнеролигінде бір қарияның оқиғасы көрсетілген. Ол жыл сайын мерекні жалғыз өткізеді. Оның немерелері мен балалары бар.

рождество

Бірақ, жыл сайын қарияға келеміз деп уәде береді,соңында кешірім сұрап келе алмайтындарын айтады.

Жалған уәделерден шаршаған қария балалары мен немерелерін жинаудың жолын ойлап табады. Ол бар туысына өзінің қайтыс болғаны жайлы хат жолдайды. Қаралы хабарды алған балалар, бар жұмыстарын тастап  атасының «жерлеу рәсіміне» жиналады. Ал ақсақал сол сәтте мерекелік дастархан жайып,немерелері мен балаларын күліп қарыс алады.

Бейнежазба  не бәрі бірнеше күннің ішінде Facebook желісінде 18 миллион, YouTube-те 20 миллион рет қаралған.

Талқылау