Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неміс спортшысы допинг қолданғанын мойындағанымен Олимпиада медалін сақтап қалды

Сеул Олимпиадасының чемпионы неміс спортшысы Кристиан Шенк допинг қолданғанын мойындады. Алайда оны медалінен айырған жоқ.

Кристиан Шенк

Спортшы өзінің туринабол стероидін қолданғанын айтты. Ол Сеул олимпиадарынан бөлек, 1991 жылы Еуропа чемпионатында, 1991 жылы Әлем чемпионатында қола медаль ұтқан. Халықаралық олимпиада комитеті бұл жайттың болғанына көп уақыт өткеніне байланысты спортшыны медалінен айырған жоқ.

«Спортшының кінәсін мойындағаны дұрыс болған. Одан бері уөп уақыт өтіп кеткендіктен, оның жеңісін жоққа шығармаймыз», – деді ХОК өкілдері.

Кристиан Шенк 1994 жылы мансабын аяқтап, телевидениеде жұмыс істеді. Одан бөлек кәсіпкерлікпен айналысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау