Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неміс азаматы лотереядан 76 миллион евро ұтып алды

Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық округінің тұрғыны Eurojackpot лотереясынан 76,8 миллион евро ұтып алды. Бұл Германия тарихындағы екінші ең ірі ұтыс болып саналады.

euromilliony_lotereya

Сурет 420on.cz

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Ұтыс жалпы лотерея тарихындағы ең ірі екінші жетістік болып есептеледі. Бұған дейін 2015 жылы Чехия азаматы 90 миллион евролық джекпотты жеңіп алған еді.

Осыған дейінгі Германиядағы ең ірі лотерея ұтысын 2014 жылы Гессен тұрғыны ұтып, 59 миллион евроны иеленген еді.

Талқылау