Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неміс әйел Гитлер үшін қатарынан үш рет тост көтерді (видео)

Қызық оқиға Германиядағы мейрамханалардың бірінде болған. Отбасылық салтанатты кеш барысында егде тартқан әйел Гитлердің денсаулығы үшін деп үш мәрте қатарынан бокал көтерген.

326227

30 секундтық ролик ғаламторда да жылдам таралып кетті. Қартаң тартқан әйел, “Хайль Гитлер” деп сөйлеп барып ішкен. Зейнеткердің ұмытшақтығы соншалықты, құдды фюрер әлі тірі секілді тост айтады.

Әжейдің туыстары мұндай ерекше тостты естіп, одан сайын көңілдері көтеріле күліп алады.

Мұны сол жердегілер бейнежазбаға да түсіріп алған. Бейнероликте, бір жас бала келіп, әжейдің құлағына бірдеңе айтпақшы болады. Сірә, оның қателескенін түсіндіргісі келсе керек. Ал әйел болса, оның айтқанын құлағына да ілмей, бокалын көтеріп тұрып тілегін қайтадан қайталай бастайды. Видео Рождество немесе Жаңа жыл мерекесінде түсірілген болуы әбден мүмкін.

«Хайль Гитлер» нацистік сәлемдесуі Адольф Гитлердің тұлғасына қатысты және ол ел басқарған уақытта пайда болды. Әдетте бұл сөз тіркесі оң қолды 45 градусқа бұру арқылы орындалады. Бұл сөз, сондай-ақ, сол замандағы бұйрық қағаздарының да соңына жазылып отырған. Басшы мен отанға деген адалдығын көрсету үшін, бұл сөзді тек әскерилер ғана емес, азаматтық тұлғалар да айтулары тиіс болған.

Талқылау