Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Немересінің үстінен өзінің той көйлегін көрген әже еріксіз жылап жіберді (фото)

Англиялықтардың қалыңдықтар орындайтын ерекше ырымдары бар. Той күні қалыңдық өзімен бірге ескі, жаңа, біреуден уақытша алынған және көгілдір түсті бір зат ала жүруі тиіс. 23 жастағы қалыңдық Джордан Клеверли өз тойында 1962 жылғы көйлегін киюді жөн көрген екен.

Бұл туралы micccp.com басылымы жазды.

23 жастағы қалыңдық Джордан Клеверли өз тойына әжесінің міндетті түрде келгенін қалаған. Себебі, ол өз тойына әжесінің 1962 жылғы көйлегін киюді жөн көрген.

Қалыңдықтың әжесі Джордан Пенни бұл туралы тек тойға дайындық кезінде білген.

Аталған дайындыққа кәсіби суретші Кортни Петерсон да шақырылған екен. “Бұрын-соңды мұндайды көрмегенмін. Қалыңдық пен әжесі арасындағы жүректі жылытқан сәттердің бірі болды”.

“Қалыңдық әжесінен жасырып оның той көйлегін алған. Артынша оны ең бақытты күнінде киюді жөн көрді”.

“Әжесі қатты таңқалды. Тіпті, сол жерде жылап алды. “Махаббат бәрінен биік” деді ол. Пенни әженің жүзіндегі көз жастың астарында не жатқанын барлығы сөзсіз түсінді”.

“Бұл әдемі сәттердің бірі болды. Айналадағылардың барлығы үнсіз тұрды. Әжесі мен немересіне қосылып жылап алды”, – дейді Кортни.

Бастапқыда Джордан әжесін бірден тойға шақыруды жөн көрген. Артынша осы сәтті суретке жақсылап түсіріп алу үшін көйлекті дайындық кезінде көрсеткен.

“Мен оның көйлекті бірінші рет той кезінде көргенін қаламадым. Ол өткенді есіне алып, той бойы жылап жүретін еді”, – дейді қалыңдық.


Жіберіп алмаңыз:

Қолын лифт жұлып кеткен 8 жасар қыз үйіне дейін бір километр жүгіріп барған

Жұбайлар даяшы қызды оның барлық қарызын жауып қуантты

Бұл 6 затты ешқашан кәрізге ағызуға болмайды

Ер адамдар балалардың ойыншығына бола жаға жыртысты

Талқылау