Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Немересінің тойына үй сыйламақшы болған зейнеткер банк тонаған

Ленинград облысында тұратын зейнеткер есепшотындағы ақшасын екі есе көбейтіп, немере қызының үйлену тойына сыйлық ретінде пәтер алып беру үшін банк тонау операциясын ұйымдастырған.

Немересінің тойына үй сыйламақшы болған зейнеткер банк тонаған

Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Немересінің тұрмысқа шығатынын естіген зейнеткер, оған сыйлық ретінде Петербургтен пәтер алып беремін деп уәде еткен. Әжейдің банкте осы уақытқа дейін жинаған ақшасы болған. Бірақ, оның есепшотындағы 530 мың рубль, шамамен 2 861 290 теңге үй сатып алуға жеткіліксіз болды.

Содан ол банк тонау туралы шешім қабылдады. Зейнеткер ол үшін құрбысының 21 жастағы жұмыссыз немересі мен зейнеткерлікке шыққанға дейін бірге жұмыс істеген банк филиалының кассирін тартқан. Егде жастағы әйел жас жігітке қарақшының рөлін сомдағаны үшін 20 мың рубль беруге уәде етіп, ал бұрынғы әріптесіне банк тонау қойылымына қатысқаны үшін ақшалай өтемақы беремін деген. Содан кейін, ол банктен ұрланған жарты миллионды өтеулерін талап етпекші болып, жоспар құрған.

«Кассирдің сөзінше, таңертең банк бөлімшесіне қара көзілдірік киген, бетін капюшонмен жауып алған қарақшы басып кірген. Ер адам: «Полицияға қоңырау шаламын деп ойлама, ақшаны үстелге қой!» – деп дауыстап, қызметкерді шкафқа қарай итеріп жіберген. Қатты соққыдан жәбірленушінің басына сөредегі гүл салынған құмыра құлап кетіп, кассир есінен танып қалған. Сол уақытта тонаушы ұрланған 530 мың рубльді, шамамен 2 861 290 теңгені алып, қашып кеткен», – дейді қылмыс орнына келген полиция қызметкері.

Банк тонай салысымен көшеге шығып капюшонын шешкен ұры жолдан таныстарын кездестіріп қалған. Ал, олар тонау туралы білген соң, полицияға банктен шыққан достарын көргендерін айтқан. Қазір банк тонау қойылымына қатысқандардың барлығы ұсталып, мекен-жайын тастап кетпеу туралы жазбаша міндеттеме алды. Олардың үстінен «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді банк тонауды ұйымдастырған  алаяқтар жеті жылға колонияға жабылуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау