Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Немересін әндетіп ұйықтатқан Нұртас Айдарбеков жұртты тәнті етті (видео)

Желіде Нұртас Айдарбековтің немересіне ән орындап беріп отырған сәті жарияланды. Видеода Қайрат Нұртастың әкесі домбыра шертіп, кішкентай сәбиге өз өнерін көрсетуде, деп жазады Stan.kz.

Немересін әндетіп ұйықтатқан Нұртас Айдарбеков жұртты тәнті етті (видео)

Көпшілікті тәнті еткен видеоны Айдарбековтердің екінші келіні Әйгерім жария етті.

“Атасы жұмыстан кейін Ақмөр қызын бөлмесіне алып кетіп, осылай бағып әндетіп отырады”, – деп бөлісті ол.
Айта кететін жайт, келіні атасын сыртынан түсіріп алған.

“МашАллах, атасы бар, қандай бақытты, жүз жасасын”, “Қандай керемет, Ақмөр де өнерге жақын қыз болатын сияқты”, “Өте әдемі, осындай аталар көп болсын”, “Ата-әженің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды. Енемді сағынып кеттім ғой”, “Өмір жасыңыз ұзақ болсын”, – деп тәнті болды желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @besideyoursoul

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау