Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Немересімен бірге рэп оқып, өлең жазады: Түркіменстан президенті қалай демалады (видео)

Гурбангулы Бердымұхамедов немересімен бірге демалысын өткізіп жатыр.

Осы уақытқа дейін ел президенті велоқыдырыс жасап, жаттығу залында жаттықты, өлең жазды.

Гурбангулы Бердымұхамедовтің қалай демалып жатқаны YouTube анасында жарияланды. Видеодан ел президентінің демалысын белсенді түрде өткізіп жатқанын байқауға болады. Бірінші күні немересімен бірге велоспедпен қыдырса, екінші күні теннис ойнады. Жаттығу залында дайындалды.

Одан бөлек «Спортты Түркіменстан» атты өлең жазды. Немересі өлең мәтінін ағылшын тіліне аударып, ән жазды. Гурбангулы Бердымұхамедов өзінің музыкалық қырын шыңдап, гитара мен пианинода ойнады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау