Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Немерелері туралы естелігімен бөліскен Гүлзира Айдарбекова жұртты сүйсіндірді (фото)

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова немерелерімен бірге 7 жыл бұрын түскен суретін көрсетіп, олар жайлы естелігімен бөлісті, деп жазады Stan.kz.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова немерелерімен бірге 7 жыл бұрын түскен суретін көрсетіп, олар жайлы естелігімен бөлісті

Қайрат Нұртастың анасы Instagram желісіндегі парақшасында немерелерімен бірге түскен суретін жариялады. Сондай-ақ, әр немересінің кішкентай кездегі мінезін, кімге ұқсағанын да айтып берді.

Продюсердің сөзінше, немересі Алау өзіне ұқсап келеді екен.

«7 жыл бұрынғы көрініс. Сезім, Алау, Нарұл немерелерімізбен. Кішкентай кездерінде, Сезім өте сәнқой әрі нәзік, ерекше қылығымен өте тәтті болатын. Мінезі Қайраттың сәби кезіне келетін. Ал, Алау көп нәрсеге көңілі толмай отыратын, қабағы дұрыс ашылмай, тура Аянның сәби кезіне қатты ұқсайтын. Бірақ, есейе келе өзімнің мінезіме қатты ұқсап барады. Нарұлға келсек, үлкен адамдарша ерекше ақылымен, бәрімізді таң қалдыратын. Отбасыларыңыз амандықта болып, жанұяларыңызда сәбилердің күлкісі сыңғырлай берсін!» – деп жазды продюсер.

Немерелері туралы естелігімен бөліскен Гүлзира Айдарбекова жұртты сүйсіндірді (фото)

Өз кезегінде желі қолданушылары Айдарбекованың бақытты әйел әрі ана екенін айтып, оның балаларына берген тәрбиесіне, сіңірген еңбегіне тәнті болды.

«Балаларымызды сіздей тәрбиелей алсақ қой», «Отбасыңызда әрқайсыңыз қазақи тәрбиені бойға сіңірген адамсыздар. Жарыңыз екеуіңіз жақсы тәрбие бере білгенсіздер», «Сіздерді нағыз үлгілі отбасы деп білемін», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау