Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен йогуртты пайдалы тағамдардың тізіміне қосуға болмайды

Ұлыбританиялық ғалымдар йогуртты пайдалы тағам ретінде санайтындарға өз көзқарастарын өзгертуді ұсынды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Неліктен йогуртты пайдалы тағамдардың тізіміне қосуға болмайды

Жарнаманың арқасында бұл өнім жиі диета кезінде тұтынылатын тағам ретінде есептелініп келді. Оны ересектер мен балалар еш ойланбастан сатып алып жатады. Бірақ, оның құрамын зерттеген сарапшылар йогуртты пайдалы тағамдардың тізімінен сызып тастауды ұсынды.

Британдық зерттеушілер ірі супермаркеттерде сатылатын 900-ға жуық йогурттың құрамын зерттеді. Сарапшылардың айтуынша, мамандар қанттың көп бөлігін йогурт-десерттен тапқан. Онда орташа есеппен 100 грамм өнімге 16,4 грамм қан қосылған. Екінші орында қант мөлшері 100 грамм үшін 13,1 грамм болатын органикалық йогурттар тұр.

Сондай-ақ, балалар йогуртінің де талдама нәтижесі мәз емес. Онда 100 грамм өнімде шамамен екі текше қант бар. Бұл диетологтардың кішкентай балаларға белгілеген ұсыныстарынан айтарлықтай асып түседі.

Ғалымдардың пікірінше, дүкендерде сатылатын йогурттердегі көмірсулардың мөлшері айтарлықтай көп. Дәрігерлер шынымен де пайдалы йогурт жегісі келетіндерге ашытқыны өздері қолдан жасап, оған піскен жемістерді қосып дайындауға кеңес береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау