Неліктен қазақстандықтар өз өмірлерін қиюға бел буады?

Дүйсенбі, 24 Сәуір , 2017 17:35

Жыл басынан бері Қазақстанда 850 адам өзіне қол салды, бір жарым мыңнан астамы өзін өлтіруге әрекеттенген. Статистикалық цифрлардың төмендегеніне қарамастан, елдегі суицид деңгей әлі де жоғары болып тұр.

21ac53c598b9c43420307457aa5da4ac

Бұл туралы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин жазды.

“2016 жылы Қазақстанда суицид деңгейі 3942-ге қарсы 3735-ті құрап, 5,5 пайызға дейін өсті, ал өз-өзіне қол жұмсамауға әрекеттену 6047-ден 5922-ге дейін 2,1 пайызға төмендеген. Көбіне өздеріне қол жұмсайтындар нағыз өмір сүретін шақтағылар. Қаза болған 899 кісі — 35-44 жастағылар, олардың 755-і ер адам, 144 – әйел. Ағымдағы жылы бірінші тоқсанның көрсеткіштерін салыстырғанда, 931-ден 850-ге, яғни 8,7 пайызға төмендегені көрсетіліп отыр. Ал әрекеттену 1563-тен 1010-ға дейін 35,4 пайызға төмендеген”, — деп атап өтті Мусин. Әдетте, өзіне қол салудың негізгі себептері белгісіз болып қала береді. 2016 жылға 700-ден астам деректің ғана нақты себептері анықталған.

“Ортадан шеттетілген кездегі жалғыздықтан —175 адам, материалдық жағдайдың қиындығынан 124, туыстарымен сөзге келіп қалудан – 117, ерлі-зайыптының арасындағы жанжалдан – 114, ауыр дертке шалдығудан – 110, ажырасудан – 89, тұрғын үй жағдайларының қолайсыздығынан – 49 адам өзіне қол салған”, — деп атап өтті құқықтық статистика комитетінің басшысы. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда суицидтердің басым бөлігі — 75,5 пайызы (2975) сау күйінде саналы түрде, 20,8 пайызы немесе 821 — мас күйінде және 3,3 пайызы (128) психикалық ауруға шалдыққан кезде жасалады.

Тағы да оқыңыз:

Сәуір жаңбырының пайдасы жайында тараған мәлімет рас па?

Қара зере өсімдігі қатерлі дерттен бастап 50 түрлі ауруға ем

Тек ерлерге ғана арналған кеңестер

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Жын-шайтанға ергендер ғой. Олардың жанын Құдай емес, жын әкетеді. Ол рас.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар