Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кей дыбыстарға адамның не себепті тітіркенетіні белгілі болды

Біз белгілі бір дыбыстарды естіген кезде еріксіз тітіркеніп кетеміз. Біреуге судың тамшылаған дыбысы ұнамаса, енді біреуге ұйықтаған адамның пысылы жақпайды. Мұндай жағдаймен біздің жүйкеміз күресе ала ма, әлде шарасыздықпен бәрін қабылдай береміз бе?

Кей дыбыстарға адамның не себепті тітіркенетіні белгілі болды

Ньюкасл университетінің ғалымдары тәжірибе жасап көрген. Магнитті резонанстық томография кезінде еріктілерге әртүрлі дыбыстарды қойып тұрған. Сол кезде эмоцияға жауап беретін ми аумағында белсенділік артқан. Мына дыбыстарға ең көп, ең күшті реакция бөлінген:

Әйнек үстінде металлдың шықырлауы
Мектеп тақтасында борды немесе тырнақты шықырлату
Әйелдің айғайы
Қайрақ тастың дауысы
Велосипед тежегішінің дыбысы
Баланың жылауы
Электродрелдің дауысы

Мұның себебі, біздің миымыз табиғаттағы сан жетпес дыбыстардың ішінен бізге ең қауіп тудыратын дыбысты хабарлайды. Мәселен, біз шулы кеште телефонның жәй шыққан дауысын ести аламыз.

Егер сіз адамның пысылына, дүбірге, сылпылдатып шайнауға, пернетақта дауысына қатты алаңдап, жыныңыз келсе онда сіздің жүйкеңіз жұқарған.

Кей дыбыстарға адамның не себепті тітіркенетіні белгілі болды

Дыбыстар эмоцианалды денсаулыққа әсер ете алады. Үнемі дарылдап шығатын дыбыс адамды ашушаң қылып жібереді. Ал үнемі біркелкі шығып тұратын дыбыстан адамда бас ауруы пайда болып, шаршаңқылыққа ұрынады.

Мұндай жағымсыз дыбыстардан толықтай арылу мүмкін емес. Бірақ, олардың төмендеуіне ықпал етуге болады. Мұндай жағдайда жұмыс уақыты кезінде тып-тыныш орын тауып алып, 10 минут бойы көзіңізді жұмып, терең тыныс алып демалыңыз. Бұл сіздің шаршауыңызды басып, артық психологиялық жүкті алып тастайды.

Жиі-жиі табиғатқа шығып, демалып тұруға тырысыңыз. Саябақта тыныш демалып отырудың өзі пайдалы. Жағымды дыбыстардан ләззат алыңыз.


Оқи отырыңыз:

Біз зиян деп бас тартып жүрген 9 өнімнің адам денсаулығына пайдасы зор

Мамандар қазақстандық аналарды жалқау деп айыптады

Лимонның бір бөлігін кереуетіңіздің жанына қойып қойсаңыз не болады

Талқылау