Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен бақытты жұптар әлеуметтік желіде сезімдерін жарияламайды?

Біз әлеуметтік желідегі бір сурет арқылы қоғам сіз жайлы шындыққа жанаспайтын пікір қалыптастыратын заманда өмір сүріп жатырмыз. Көпшілік – жақындары мен достарының, таныстарының өмірін желіде жариялаған суреттеріне, пікірлеріне қарай бағалауға шебер.

17616215-bZXrJ48y5gTX12L0XulA0ZFynXx3jL-1475033670-650-4a675f33b5-1475068057

Неліктен бақытты жұптар әлеуметтік желідегі парақшасын ғашығына, махаббатына арнамайды? Бұл сұрақтың жауабын жүрегіне бақыт ұялап, кеудесін шаттық кернеген жұптардан іздестіріп көрдік.

  • Қарым-қатынаста бақытты адамдар шынайылықта өмір сүреді. Егер шынай өмірде бәрі ойдағыдай болса, сіз үшін күн-түн демей желіде отырудың, сүйіктіңізбен бақытты екеніңізді дәлелдейтін жазбалар жариялаудың еш мән-мағынасы, маңызы жоқ.
  • Араларындағы сезімді, өкпе-ренішті дүйім жұртқа жариялаған кез-келген жұптың ештеңеден де ұтпасы анық. Үйдегі дау-дамайды көпшілікке жария етіп, талқынысына ұсыну – қиындықты шешудің ең нашар жолы. Мұндай әрекет дау-дамайды одан әрі өршіте түседі.
  • Бақыт деген – сүйікті адамыңмен жақсы қарым-қатынаста болу. Ал желідегі парақшаңызды махаббатыңызды дәлелдейтін жазбаларға толтыру – бақыт ұғымынан алыс.
  • Ешкім ешкімге ештеңені дәлелдеуге тиіс емес. Адамдар өздерінің бақытты, табысты, сүйікті екенін дәлелдеу үшін өзгелерді пайдаланбайды. Олар «отбасын құрған» деген белгі үшін емес, бірін-бірі сүйгендіктен бір шаңырақ астында бірге күн кешуде. Алайда жеке өмірін жариялау не құпия ұстау – әркімнің жеке шаруасы.

Ең бастысы

Ғалымдар әлеуметтік желілерді қолданбайтын адамдардың әлдеқайда бақытты екенін анықтады. Себебі олар өздерін достары, әріптестерімен салыстырумен өмір сүрмейді. Өкінішке орай, біз ең маңыздысы желідегі сағымдай бұлыңғыр мойындаулар емес, шынайы өміріміз екенін жиі естен шығарамыз.

 

 

Талқылау