Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Некені мемлекеттік тіркеу қызметін мешіт атқаратын болады

Түркияда мешіттерде жас жұбайлардың некесі қиылып қана қоймай, олардың некесі ресми түрде, яғни, мемлекеттік тіркеу осы мешіттерде жүзеге асырылады.

Бұл туралы islam.kz жазады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталмыш заң жобасы түрік қоғамында қызу талқыланып жатыр. Тағы бір айта кететіні, бұл елде мешіт шығыны, соның ішінде, имамдардың жалақысы мемлекеттің мойнында, яғни, бюджеттен қаржыландырылады.

Сол себепті, билік тізгінін үшін ұстағандар қала мекемесіне барып тіркелдің не, мешітте тіркелдің не, айырмасы жоқ. Мешіт те мемлекеттік мекеме есебінде болғандықтан осы арадан некеге қатысты істерді бір-ақ тындырғанды оңтайлы санап отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Forbes ең бай америкалықтардың тізімін жариялады

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Ең бай қытайлық 30 жылдан соң мұнайдан да маңызды болатын затты атады

Талқылау