Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Некені сақтау жайлы кітаптың авторы әйелін өлтірді

5 ақпан күні 33 жастағы америкалық Дерек Медина әйелін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Бұл азамат қылмысты жасап болысымен, Фейсбук желісіне әйелінің өлі суретін салып, «Дженнифер Алонсо бебіт тыныштан» деген жазба қалдырған еді.

770671c3be569b

Бұл туралы tjournal.ru сайты хабарлайды.

Ол іс қарала бастағаннан бері, мұндай қылмысқа өзін қорғау кезінде, абайсызда барғанын айтқан. Дерек Медина сотта әйелі өзін жиі ұрып  тұрғанын, соңғы күні пышақ алып жүгіргенін айтып, тапанша қолдануға мәжбүр болғанын түсіндірмек болды.

Судья сотталушының сөзіне сенбейтіндігін айтқан. Себебі ол әйелінің өлі денесін желіде жариялағаннан бөлек , ауаға оқ атып ескерту жасаудың орнына тапаншадағы барлық оқты әйеліне жаудырғанын назарға алған.

отталушы өзінің соңғы сөзінде барлық жайтқа Барак Обама мен жемқорлықты кінәлаған.

5df497558eb8c1

Медина сондай-ақ көпшілікке «Өзгенің өмірін қалай сақтап қалдым, түсіністіктің арқасында некемді ұстап түйткілді мәселемді шештім» кітабының авторы ретінде танымал. Бұл кітап қазірге дейін америкалық интернет-дүкендерде сатылып жатыр.

Қайғылы жайттан кейін кітап сатылатын баспалардың атына түрлі кемсіту, мұқатулар айтылған.

Талқылау