Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неке түні түсірілген видеоны таратып жіберген: Тұрмысқа шыққан әйел күйеуінің өзін пәк емес деп ұрып-соққанын айтты

Тәжікстанда 19 жастағы Идимо Шерованың өмірі тозаққа айналған. Оны күйеуі алғашқы неке түнінде пәк емес деп айыптап, ұрып-соғыпты. Күйеуінің сөзінше, қалыңдығы 8 жасында пәктігінен айырылғанын айтқан. Ал Идимоның өзі әлі күнге дейін пәкпін деп отыр.

Неке түні түсірілген видеоны таратып жіберген: Тұрмысқа шыққан әйел күйеуінің өзін пәк емес деп ұрып-соққанын айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Радио Озоди» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Идимо Шерованың айтуынша, сол түні «пәк емеспін» деп айтудан басқа амалы қалмапты. Себебі күйеуі ұрып-соғып, солай айтуға мәжбүрлеген. Бастапқыда көнбеген қыз, күйеуінен «асып өлтіремін» деген сөзді естігеннен кейін еріксіз келіскен екен. 

«Мұнан кейін мен оның айтқанын қайталадым. 8 жасымда көрші баланың зорлағанын айтты», - дейді Шерова. 

Жас қыздың сөзінше, сол түннен бастап өмірі тозаққа айналған. Сорақысы сол, артынша Идимоның жартылай жалаңаш күйде пәк еместігін мойындаған видеосы өңірде тарап кеткен. 

Осыдан кейін ол аудандық сотқа жүгініп, бұрынғы күйеуінен моральдық шығын ретінде 50 мың сомони (2 млн теңгеден аса) талап етіпті. Алайда сот оның абыройы мен намысына нұқсан келмеді деген шешім шығарған. 
Идимо тұрмысқа шығар алдында және күйеуінің айыптауынан кейін 4 рет медициналық тексеруден өткенін айтады. Даңғара, Бохтаре және Душанбе дәрігерлері оның әлі күнге дейін пәк екенін анықтапты. 

Ал Идимоның бұрынғы күйеуі Фируз Мухаммадраджаб «әйелім пәк болмай шықты» деген пікірінен танбай отыр. Ол Идимоның пәк емес екенін айтқанын видеоға түсіріп алғанын мойындайды. Оны қалыңдығының таза еместігін дәлелдеу үшін сотқа тапсырыпты. Алайда ауылдастарға видеоны кімнің таратқанын білмеймін, дейді. 

«Адамдардың күңкілдесіп, күліп тұрғанын көргенде өзімді ұстай алмай қаламын. Олар мені мазақ етіп жатқандай болып көрінеді... Қазір тыныс алып отырғаныммен, өмір сүріп жатқаным жоқ. Адамдардың пәк екенімді және маған жала жабылғанын білгенін қалаймын», - дейді Идимо Шерова.

Талқылау