Негізсіз жындыханаға жатқызылған Маржан Тұрлыбаева босап шықты
Қаржылық мәселелерін шешу үшін сегіз жыл бұрын анасы Маржанды еш негізсіз жындыханаға жапқан болатын. Алайда тележүргізуші Жанат Бақыт, әнші Алтынай Жорабаева сынды қоғамға танымал адамдар бастама көтеріп, Маржанға барынша қолдау білдірген еді. Уақыт өте келе анасының да қылығы әшкере болды.
Қуанышты хабарды Гүлжазира Байназарова хабарлады. Ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында “”Сүйінші алақай сүйінші! Сүйінші хабар бар!! Мен күткен сенім ақталды! Маржан Тұрлыбаеваның дені сау, өз сөзіне жауап бере алады, ақыл есі дұрыс болып шыкты. Сегіз жыл бойы есі ауыскан деп жындыханада мәжбүрлеп ұстаған Маржанға, Республикалық сот медицина сарапшылары оң нәтижесін берді. Күнгейлік дәрігерлердің қойған диагнозын жоққа шығарып , шизофренияның жәй түрі анықталмаған. Қорытынды бойынша енді Маржан қоғамға қауіпті емес. Қайта жындыханадан шығып, жайбарақат өмір сүрүге құқылы. Бірақ, Республикалык сарапшылардың берген қорытындысына оңтүстіктің дәрігерлері мойынсұнғысы келмейді, өйткені сегіз жыл бұрынғы былықтарының ашылып қалуынан қорқады. Бұл сүйінші хабарды экран аркылы сұрамақ болғанымда, жауаптылар бір-біріне сілтеп басын алып қашты. Сот сараптамасының қорытындысы жүзеге асатын күн алыс емес. Қазақтың өрімдей қызына жаңа өмір сыйлайтыныма да сенімдімін. Ал халайык, Маржан қыздарыңыздың дені сау! Ендігі арманы жындыхана қабырғасынан шығып, ел қатарлы өмір сүру”- деп жазды.