Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неге балалардың гаджет пайдалануына тыйым салуға болмайды?

Қазіргі заманғы ата-аналар бесік жырын жаттап әуре болмайды, оның орнын бүгінгі таңда ұялы телефондар басып отыр. Психолог Людмила Семина-Гицу неге балалардан гаджетті тартып алуға болмайтынын түсіндірді.

545182_view

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Гаджеттер — жай құрал ғана. Кез келген құрал сияқты оны өз пайдамызға да жарата аламыз немесе, керісінше, одан зардап шегуіміз де мүмкін. Гаджеттерден ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Баладан телефон мен планшетті тартып алу оның әрі қарай дамуына зиян келтіруі ықтимал”, — дейді молдован психологы Людмила Семина-Гицу.

Маманның пікірінше, қазіргі заманғы ата-аналар балаларының техникалық құралдарды қалай пайдаланатынына мән беруі тиіс.

“Бәріміз де жетістікке жетуге ұмтыламыз, бәріне үлгергіміз келеді. Бір жағынан, мұндай жетістікке ұмтылу үрдісіне әркімнің шамасы келмей, күйзеліске ұшырайды, өйткені қазіргі заман талабына сай ақпаратты жылдам қабылдауға кез келген адамның қабілеті жетпейді”, — дейді Людмила Семина-Гицу.

Айтуынша, бала оны ұстап отыр деп қорықпау керек, тек оның не нәрсені қарап отырғанын бақылау өте маңызды. Психологтың сөзінше, егер балаға гаджетті пайдаланудың оң ықпалын, пайдалы тұстарын көрсетсек, онда әлдеқайда дұрыс әрі маңызды қадам болады.

Оқи отырыңыз:

Үш жасар қыз танымал адамдардың образдарын айнытпай қайталап шықты (фото)

Арабтар Рамазан айымен ерекше тәсіл арқылы құттықтады (видео)

2017 жылдың маусым айына арналған жұлдыз жорамал

Ғалымдар террористер мен кәдімгі адамның ақыл-ойының алшақтығын анықтады

Талқылау