Небары 7 күнде бақытты болу жолдары

Сейсенбі, 6 Қыркүйек , 2016 22:04

Жабырқаңқы көңіл-күйді бірнеше минутта-ақ көтеруге болады. Оның өзіндік әдістері де бар.

Смайлики

Күнделікті қарбалас тірлік еңсемізді түсіріп, өз-өзімізге аяушылық сезімін тудырады. Алайда тағдырдың соққысын елемейтін де жандар бар. Бәрі құрдымға кеткен күннің өзінде, олар Мэри Поппинс сияқты өмірге күле қарайды.

Оның қандай сыры бар? Кейбіріне бұл қасиет тумасынан дарыса, кей адамдар үшін көңіл-күйді көтерудің тиімді жолдары бар. Олар қайсымызға болсын көмектесе алады.

Бұл жаттығуларға тұрақты түрде бірнеше минутыңызды жұмсасаңыз, өмірден ләззат алып, көңіл-күй тепе-теңдігін сақтауға дағдыланасыз.

Таяу күндері Берклидегі Калифорния университетінің ғалымдары «Жалпыға бірдей игілік өз күшінде» атауымен сайт ашып, онда көңіл-күй көтерудің үздік деген әдістерін жариялады.

Өз кезегінде олардан күйзелісті жеңуге көмектесетін апталық жоспар құруды жөн көрдік.

Дүйсенбі: «Күреспеңіз, жазыңыз»

160118095458_guide_diary_writing_624x351_thinkstock_nocredit

Күнделік жазатын жандар ішкі әлеміңізде болып жатқан дүниенің бәрін қағазға түсірсеңіз, көңіл-күйіңізді басқару қабілетіне, жағдайға сырт көзбен қарау мүмкіндігіне ие болатынын біледі.

Десе де мұндай қарапайым әрекеттің тиімділігін ғалымдар жақын күндері ғана түсінген-ді.

Күнделгіңізге күніне 15 минут бөлу арқылы организміміздің жабығу мен үрей белгілерімен күрсеуіне көмектесіп, иммундық жүйені нығайтып, жұмыс істеу қабілеттілігін арттырамыз.

Ал нәтижесі ұзағынан қуантары анық. Ол ашудың өзге жолмен шығуына қарағанда әлдеқайда пайдалы. Ашуды агрессиямен шығару онсызда жабырқаңқы көңілді нашарлата түседі.

Сейсенбі: «Сыйлаған махаббатыңыз өзіңізге қайтып оралады»

160118095647_guide_kindness_girl_dog_present_624x351_thinkstock_nocredit

Қарабайыр естілгенімен, бұл шындыққа жанасады. Апта сайын 5 жақсы іс істеген адамдар алты апталық тәжірибенің соңында өмірден бұрынғыдан да артығырақ ләззат ала бастағанын айтқан. Жүргізілген зерттеулер жомарт жандардың өзгелерге қарағанда әлдеқайда бақытты әрі денсаулығы мықты екенін дәлелдей түсуде.

Сәрсенбі: «Бәріміз де әлдекім үшін маңыздымыз»

160118095817_guide_two_young_people_in_love_624x351_thinkstock_nocredit

Өміріңізді ең жақын серігіңіз, досыңызсыз елестетіп көріңізші. Жаман емес пе?

2008 жылы жарияланған зерттеу жұмысының нәтижесі «ойша азайтудың» ақыр соңында көңіл-күйдің көтерілуіне алып келетінін көрсетті.

Мүмкін ол бұл әдістің көмегімен адамдар жақын жандарын шындық ретінде  қабылдауын доғаруының себебінен болар.

Ғалымдар тұрақты түрде алғыс білдіріп, алғыс алудың өмірден үлкен ләззат алудың тамаша әдісі екенін бірнеше мәрте дәлелдеді.

Бейсенбі: «Естеліктер үшін алғыс білдіру»

160118100109_guide_good_old_days_photos_624x351_thinkstock_nocredit

Психологтар алдыңызға мақсат қоя білудің қаншалықты маңызды екенін түсіне бастады. Өмірінде белгілі бір мән-мақсат бар екенін сезіне білген адамдар, әдетте уақытша қиындықтарды жеңіл өткереді.

Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, жақсы фотосуреттерді көру арқылы өміріңізді маңызды дүниеге толы екенін еске аласыз. Ол отбасыңызға, достарыңызға не қайырымдылықпен, мансабыңызбен байланысты фотосуреттер болуы мүмкін.

Басыңыздан кешкеннің бәрін еске түсіру арқылы өткенмен байланыс орнатасыз. Нәтижесінде жақын күндері болған оқиғаларды жүрегіңізге жақын алмай, өкпе-реніш, түңілуді салқынқандылықпен қабылдай бастайсыз.

Жұма: «Қараған жанның көзіндегі бақыт»

160118095931_guide_mountain_road_624x351_thinkstock_nocredit

Егер күнделікті қарабайыр тірлік шаршатса, қоршаған ортадағы ғажайыптарды көру, сезіну қабілетінен айырылу оңай.

Дәл осы себепті ғалымдарды таңдантатын, ерекше әсер сыйлайтын жағдайлардың оң әсері қызықтыра түсуде.

Ол көктегі самсаған жұлдыздарға қарау, мешітке барумен байланысты болуы мүмкін. Жүрегіміздің өзгеше лүпілдеуіне ықпал ететін жайлардың бәрі дүниетанымымызды кеңейтеді.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары мұндай тәжірибенің адамдарды бақытты, қамқор ететінін, бақытсыздық пен уайымнан арылуға көмектесетінін көрсетті.

Тіпті жан дүниеңізге ерекше әсер қалдырған жайды жазып қоюдың да пайдасы зор.

Сенбі: «Үзіліс жасап, бағдарламаны жаңарту»

160118100345_guide_tv_slave_624x460_thinkstock_nocredit

Уақыт өте келе бұрын ерекше ләззат сыйлаған дүниелерден қуаныш сезінуді доғара бастаймыз.

Егер ол сезімдерді қайта бастан кешкіңіз келсе, қуаныш сыйлайтын дүниеден бір аптаға бас тартыңыз. Ол сүйікті тағамыңыз не сусыныңыз болуы мүмкін.

Арада жеті күн өткен соң бағдарламаңызды нөлге түсіргеніңізді байқайсыз. Нәтижесінде қуаныш көзімен қайта қауышқанда, ең алғышқы кездердегідей әсер аласыз.

Егер аптаға созылатын бас тарту тым қатал көрінсе, психикалық тәуелділігіңізді сүйікті ісіңіз барысында дағдыландыруға тырысыңыз.

Айталық, кофенің бір жұтымын ішкеніңізде, хош иісіне зейін салыңыз. Ол бізге күнделікті ләззатты бағалауды үйретіп, күйзеліс пен саруайымнан арылуға көмектеседі.

Жексенбі: «Өзіңізді кінәлауды доғару»

160118095321_guide_guilt_free_girl_624x351_thinkstock_nocredit

Италияда La lingua batte dove il dente duole  деген мәтел бар, яғни «тіл тіс ауырған орынды жалайды». Ол біздің сана-сезіміміздің ұдайы жанымызға бататын жайларды еске алуға бейімділігін тамаша суреттейді.

Өкінішке орай, психолгтар өзін-өзі кінәләудің теріс нәтиже беретінін дәлелдеді.

Олардың салдарынан саруайымға салынып, бақытсыз бола түсетініміз аздай, алдағы күндері жүйкеміздің сыр беруіне ықпал ететіні тағы бар.

Дәл осы себепті ең болмаса бірнеше минут бойы өзіміз жайлы жақсы ойлар ойлауға тырысуымыз керек. Осылайша күш-қайратымызды арттырып, бақытқа кенелеміз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар