Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не жын көрінгенін білмеймін: Қостанайда туған қызын пышақтап өлтірген азамат оқиғаның мән-жайын айтып берді

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында кәмелеттік жасқа толмаған қызын өлтірді деп айыпталған Сергей Клепиковқа қатысты іс жалғасуда. Клепиков сол қайғылы кеште не болғанын баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Не жын көрінгенін білмеймін: Қостанайда туған қызын пышақтап өлтірген азамат оқиғаның мән-жайын айтып берді

«17 наурыз күні жұмыстан кейін ескі танысым Юрий Войтокпен бірге кафеге барып, екі стақан сыра іштік. Содан кешкі сағат ондарда үй-үйімізге қайттық. Үйге келген соң, бірден екінші қабатқа көтерілдім. 20 минуттан кейін төмен қарай түсіп, қолыма пышақ алып, қызым Оксана отырған қазандыққа бардым. Сол кезде өзіме не болғанын білмеймін. Жәй ғана оның кеудесіне және арқасына екі-екіден пышақ сұғып алдым. Осыдан кейін есімді жиып, не істегенімді түсініп өзімді пышақтай бастадым. Маған кешірім жоқ», – деп есіне алды сотталушы Сергей Клепиков.

Сотталушы өзіне пышақ жарақатын келтіргеннен кейін, ол өзімен кафеде сыра ішкен досы Юрий Войтокқа хабарласып, жедел жәрдем шақыруын өтінген. Сол күні өзімен бөтелкелес болған досына хабар бергеннен кейін Сергей Клепиков есінен танып қалған. Тек, ауруханаға қалай өзіне келгені ғана есінде.

Мемлекеттік айыптаушының неге қылмыс жасадың деген сұрағына Клепиков түсінікті жауап таба алмады. Ол өзінің туған қызын не себепті өлтіргенін, есіне түсіре алмай отырмын, дейді. Бірақ оны қалай пышақтағаны есінде екен. Ол тек қызымен жақсы қарым-қатынаста болғанын ғана айтуда.

«Біз ешқашан ұрсыспағанбыз. Мен оған бәрін беруге тырыстым. iPhone сатып алып беріп, кинотеатрға, кафеге алып бардым. Мен оған ешқашан дауыс  көтерген емеспін, біз үнемі дос секілді сөйлесетінбіз», – деді Сергей Клепиков.

Айта кететін бір жайт, айыпталушы алғаш рет адам өлтіріп тұрған жоқ. Көптеген жылдар бұрын ол өзінің әйелін өлтірген болатын. Сондай-ақ, ол айыптаушының 2004 жылы болған қылмысқа қатысты сұрағына ойланбай жауап берді. Ол бұл қылмысты ажырасып кеткеннен кейін және оны өлтіруге өз себептері болғанын айтты.

Іс құжаттарына сүйенсек, 2004 жылы Клепиков әйелін, яғни қайтыс болған Оксананың анасын өлтіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 2016 жылы ол шартты түрде босатылып шығып, туған әпкесінің үйінде қызымен бірген тұрған. Ал 2018 жылдың 17 наурызында Клепиков жанжал кезінде туған қызын пышақтап өлтірген.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға туралы 18 наурызда белгілі болды. Бір күн бұрын, яғни 17 наурызда  Қостанай қаласындағы №11 орта мектептің 15 жасар оқушысын өлтіріп кеткен болатын.

Талқылау