Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не себепті қазақстандықтарға Армениядан әкелінген көліктерді алмауға кеңес беруде

Жаз айында Армениядан Қазақстанға көлік әкелушілер саны бірнеше есеге өсті. Сайттарда арзан көліктерге хабарландыру берілді. Көлік құны әлдеқайда азраз, алайда тіркеуде Ресейде не Арменияда тұрады.

Елімізде Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мүмкін емес, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ол үшін көлік Евро-4 стандартына сай, әрі техникалық талаптар дұрыс болуы шарт. Көліктің толыққаны иесі болу үшін сенімхат алып немесе сол елге барып, жеке меншік құқықты рәсімдеу керек.

«2014 жылға дейін Арменияға әкелінген көліктерді Евразиялық Одақ елдеріне мүше елдерге жіберуге болады. Тек утилизациясының ақысын төлеу керек. Сондықтан бұл көліктер бізге көптеп келді. Бірақ бұның логистикасы жақсы емес секілді», – дейді сарапшы Алексей Алексеев.

«Заңға сәйкес, бұл көліктер жыл сайын көлік тіркелген елге барып тұруы тиіс. Бұл көліктерді сақтандыра да алмайсыз. Сондықтан көп адам сатып алады да, кейін құтылуға тырысады», – дейді сарапшы Евгений Кубеков.

Ақша үнемдеген көлік иесі сақтандыру үшін ақша жұмсайды. Қазақстанда техникалық тексеруден өте алмайтындықтан, тіркелген елге барады. Жыл сайын тексеруден өтеді.

«Сонда қанша үнемдейміз? 2,5-3 миллионға сатып алады. Бірақ кейін не істейді? Өзі де жүргізе алмайды. Құралдарын да сата алмайды», – дейді сарапшы Алексей Алексеев.

Қазақстандық сайттарда армениялық көліктер жөнінде шамамен 400 хабарландыру бар. Әдетте бұл көліктерді Ресеймен шекара ауданында тұратындар алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау