Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Не өлі, не тірі емес”: Алматы облысында кесір тілігін жасатқан әйел 8 айдан бері ессіз жатыр

Алматы облысында Мұсаевтар отбасы қайғыдан қан жұтып отыр. Ауруханаға өз аяғымен келген 30 жастағы қыздары Динара Мұсаева 8 ай бойы жансақтау бөлімінде жатыр.

"Не өлі, не тірі емес": Алматы облысында кесір тілігін жасатқан әйел 8 айдан бері жансақтау бөлімінде жатыр

Динара Мұсаеваға арнайы жолдамамен шілде айында облыстық ауруханада кесір тілігі жасалу керек болған. Алайда, гинеколог Гүлнар Дүнгешова отаны аудандық ауруханада жасау керек деп шешкен екен. Содан бері науқас әлі есін жимаған, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

«Былай ашығын айтқан кезде дәрігерлер қызымның не өлі, не тірі емес денесін, не өлгенін, не тірілгенін күтесің деп отыр. Үміт тек күту дейді. Диагнозын ашып маған әлі ешкім айтқан жоқ. Пәлен диагнозбен жатыр деп ешкім айтқан жоқ. Тек ми, миы ешқандай жұмысқа қосылмай жатыр», – дейді науқас Динара Мұсаеваның анасы Бибігүл Мұсаева.

Бұл оқиғадан кейін жәбірленушілердің жақындары Денсаулық сақтау министрлігінен бастап жауапты мекемелердің барлығына шағым жазған. Алайда, мәселені зерттеп көрген комиссия мүшелері аталған фактіде қылмыс белгілері жоқ деп тек әкімшілік іс қозғау туралы шешімге келген көрінеді. Қазір тәуелсіз сарапшылар сот-медициналық сараптаманың қорытындысын әзірлеп жатыр екен. Жәбірленуші тараптың адвокаты құжаттың 4 ай бойы дайын болмай жатқаны шикіліктердің көп екенін айқындап отыр дейді.

«Қазіргі кезде тергеудің қолында бір адамның 3 түрлі босану тарихы бар. Онда жазылған медициналық диагноздар әртүрлі. Сонымен бірге талдауларды да толығымен бұрмалап тастаған. Енді екінші қыз Мұсаева Динараның ісін мен 4 айдан кейін алдым. Біздің қолымыздағы құжаттарда ол қыздың 14 мамырда сақтау бөліміне жатқан кезінде баласы ішінде қайтыс болған деп жазылған. Негізі бала тірі, қазір бар», – дейді адвокат Рүстем Гаитов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау