Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не деген отырыс: Кішкентай кезіндегі суретін көрсеткен Дастан Оразбеков жұртты күлдірді (фото)

Белгілі әнші, «Орда» тобының белді мүшесі Дастан Оразбеков желідегі парақшасында кішкентай кезінде түскен суретін жариялады. Өз кезегінде желі қолданушылары оның сәби шағындағы түріне сүйсініп, әншінің ұлдарына ұқсатып жатты, деп жазады Stan.kz.

Дастан Оразбеков

Дастан Оразбеков Instagram желісіндегі парақшасында кішкентай кезіндегі суретін жариялады.

«Не деген отырыс», -деп жазды әншінің өзі.

Не деген отырыс: Кішкентай кезіндегі суретін көрсеткен Дастан Оразбеков жұртты күлдірді (фото)

Өз кезегінде желі қолданушылары Дастанның сәби шағындағы түріне сүйсініп, «топ-томпақ болғанын» айтып жатты.

«Отырыста бір мән бар», «Болар бала кішентайынан деген. «Не болды? Шешеміз. Шешу үшін жүрміз ғой» деген фото ғой», «Отырысыңыз ханның отырысындай ғой», – деп әзілдеді пікір қалдырушылар.

Сондай-ақ, пікір қалдырушылардың көбі әншінің екі ұлының да өзіне ұқсағанын айтты.

Айта кетсек, бұған дейін әнші Тамара Асар 7 жасында ән айтып бас жүлде алған сәтінің суретін көрсетіп елді таңғалдырған еді.

Талқылау