Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нәзира Бердалы: Менде ақшаға ар сатудың қанша мүмкіндігі болғанын сіздер білмейсіздер

Тележүргізуші, ақын Нәзира Бердалы қазақ қоғамындағы байлардың арсыз әрекетін сынап, ардан аттайтындар туралы ойын жазды.

Нәзира Бердалы

Малымжанымның садағасы, жанымарымның садағасы“. Қазақты ұлт ретінде сақтап келген дәл осы қағида едіҚазірБұл ұғымның ішекқарыны ақтарылып, сыртына шығып кетті. Мал үшін жан беруге даярмызау, арды былай қойғандаӘкем дүниеден өткелі бері ақ өлім жайлы көп ойлаймын. Менің әкем үнемі ат үстінде жүрді, қызметте болды, бізді ешқашан тарықтырған жоқ. Қолында біраз мүмкіндік бола тұра, ешкімнің ала жібін аттамады. Байлық жимады. Қиянат жасамады. Ажал сәті келгенде сөйлеп отырған жерінде, күлімдеген күйі жүріп кетіпті. Сары майдан қыл суырғандай”, – деп жазды ол желіде.

Тележүргізуші арын сатып оңай ақшаға жетіп жүргендердің көп екенін айтады. Өзінің де арсыз әрекетке барса, бүгінде асқан бай болар едім деп жазды.

“Арыңмен келісімге келсең, адам өлтіріп те мал табуға болады. Бәрі сол ішкі таразының жұмысына байланысты. Ар жағы шикі екенін сезе тұра бүгін өмір сүріп қалуға тырысып жанталасатындара) өз идеясына шексіз сенетіндерб) Құдайдың мейірінен күдер үзгендер (қатты қиындық көргендер) деп ойлаймын. Әйтпесе, мүмкін емес қойбіле тұра алдау, өзіңді де, өзгені де… Менбаймын, бай боламын, байыта көрдеп дұға жасамаймын. “Қайырсыз ақшадан сақтадеймін. Қазіргі псиxологтардың пайымынша бұл кедейлік псиxологиясы шығар. Миымда кедергілер көп, бәлкім? Бола берсін. Елді жылатып салған үйі өртеніп кеткен, жалғыз баласы жамандыққа ұшыраған, жазылмас дертке шалдыққан талай байды көрдім. Қайырсыз ақшадан сақта! Қайта оларды Құдайдың жақсы көргені шығар деп ойлаймын, есепті осы дүниеде түгендеген. Маған тағдыр қанша рет оңай ақша ұсынғанын, ақшаға ар сатудың қанша мүмкіндігі болғанын сіздер білмейсіздер! Байлықты таңдасам, қазір сол байлардың қатарында жүрер едім. Сөзсіз. Мидағы кедергілер жайлы айттым ғой, солар мені үнемі сақтап қалатын. Басқаша айтқанда, Құдай сақтайтын!

Нәзира Бердалы өз еңбегімен адал ақша табатындарға зор құрметпен қарайтынтынын айтты.

“Сол себепті, мен көзім анық жетпеген, күмәнді кәсіппен айналыспаймын. Таза еңбекпен мал тауып жүргендерді қатты құрметтеймін! Жалпы, кәсіп дегенөзің жасаған бұйымды немесе бойыңдағы өнерді сату. Журналистика факультетінде Жарылқап ағай айтатын: егер сен газет шығарып, сол газетіңді көшеде тұрып сатсаң, кәсіпкерсің. Ал, біреудің шығарған газетін сатсаңалыпсатарсың депӘркім жандүниесіндегі бос кеңістікті бір нәрсемен толтыруға тырысады. Байлық қуу да жүректегі жыртықты жамаудың бір формасы. Бәрін түсінемін. Ешкімді айыптамаймын. Малым жанымның, жаным арымның садағасы!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау