Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назима шымкенттік фанаттарымен кездесуге шықпай, елді ашуландырды

Танымал ресейлік әнші әрі продюсер Тиматидің командасына қабылданған Назима туған жері Шымкенте келді. Туған жерінде концерт бермек болған Назима фанаттарымен кездесуге шықпады. Халықтың ашуын келтірген әнші өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

назима

Назима тыңдармандарының қауіпсіздігі үшін олармен кездесуден бас тартқанын айтады. Айтуынша, фан-кездесу болған жағдайда, балалар зардап шегуі мүмкін еді.

Десе де, халықтың Назимаға деген өкпесі қара қазандай. Себебі тыңдармандар онымен кездесу үшін бірнеше сағат бойы күткен. Олар Instagram желісінде Назимаға деген реніштерін білдіруде.

“Өзің келмей қалдың, содан кейін барып фан-кездесу болмайды деп хабарланды”, – дейді Әлия есімді тыңдарман.

“Мен фанаты емеспін. Тіпті, қасымнан өтсе де танымайтын адамым. Бірақ, кішкентай іні-сіңлілерімнен обал болды. 3 сағат бойы күтіп-күтіп, алып-ұшқан бала көңілдері басылып қайтты. Мұндай сатқындықты кумирлерінен күтпеді. Ұйымдастырушыларға тіптен сөз жоқ. Халықтың да әрекеті оңып тұрған жоқ. Бірдеңе айтсаң, басқасын істейді. Назима әпше, шымкентше ляқтырдыңыз”, – дейді екінші бір желі қолданушысы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау