Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назерке Әріпті өлтірген күдікті жақсы тәртібі үшін ерте босатылған

18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті ұрлық пен адам өлтіргені үшін сотталған. Соңғы мерзімді толық өтемей, оны жақсы тәртібі үшін уақытынан бұрын босатып жіберіпті.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазады.

“Исхаков Құрбан Ахтемұлы мотоциклді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп алғаны және кәмелетке толмаған баладан ұялы телефон ұрлағаны үшін шартты түрде сотталды. 2009 жылы ол адам өлтіргені үшін 11 жыл 3 айға сотталды”, – деп хабарлады сот.

Жазасының үштен екісін өтегеннен кейін оны жақсы тәртібі үшін босатып жіберген.

Қазіргі таңда Алматы прокуратурасы Назеркенің өліміне қатысты істі бақылауға алды.Еске салсақ, 18 жастағы Назерке Әріп 10 шілде күні жоғалып кеткен болатын. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып кеткен соң қайта оралмаған. Оның өлі денесінің табылғаны туралы тек 6 қыркүйекте ғана белгілі болды.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік өзенге түсіп кетті

Алматыда үнемі жезөкшелердің етін тұтынып келген үш санитар кәуап жасап, көршілерін қонақ қылған

Алматыда жалақы даулаған жігіт қарынын өткір затпен тіліп тастады

Алматы облысының жол бойында көлік жолаушы әйелдің аяғын жұлып әкетті (фото)

Талқылау