Назаров: Журналист тым сұлу болғандықтан ойыншы сұхбат бермеді

Дүйсенбі, 9 Мамыр , 2016 15:07

Жаттықтырушы журналист бойжеткен тым сұлу болғандықтан, ойыншының сұхбат беруден бас тартқанын айтты.

новый коллаж

Қазақстан хоккей құрамасының бас жаттықтырушысы Андрей Назаров әлем чемпионатында матчтан кейін өзінің ойыншысы Роман Старченконы сұхбат бергізбестен алып кетуінің себебін түсіндірді.

Бірінші айналымнан кейін Старченко ойын нәтижесін хабарлауға дайындалды. Алайда Назаров оған сөз берместен оны бірден шешіну бөлмесіне алып кетеді. “Ойын эмоцияға толы, ал мына жерде әдемі бойжеткен тұр. Наталья Кларк ұсқынсыздау болса, ойыншыны алып кетпес едім”, – деп мәлімдеді Назаров.

Ойында ресейліктер 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олег Знарктың ойыншылары турнирдегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Ресей бірінші кездесуде 0:3 есебімен Чехиядан жеңіліс тапты.

Қанжығасына үш ұпай байлаған Ресей А тобында үшінші орынды алып тұр. Ал қазақстандықтар екі ұпаймен бесінші орынға келіп жайғасты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру

Қызық екен!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар