Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорданың мерейтойына орай Назарбаевқа «Астанаға 20 жыл» медалі табысталды

Бүгін, 6 шілдеде, мемлекет басшысының туған күніне және Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астанаға 20 жыл» медалі табысталды.

Назарбаевтың туған күніне орай «Астанаға 20 жыл» медалі табысталды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және елорданың мерейтойымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, орталық мемлекеттік органдардың басшылары және Астана қаласының әкімі құттықтады», – делінеді хабарламада.

Өз кезегінде Елбасыға «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі салтанатты жағдайда тапсырылды.

Аталған шараға қатысқандар мемлекет басшысына зор денсаулық, бақыт және жауапты қызметте жаңа табыс тіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау