Назарбаевтың сынына ұшыраған Досаев ауыл-аймақты араламақ

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 7:10

Жұрттың жаппай наразылығынан соң Ерболат Досаевтың өзі ауыл-аймақты аралап, тұрғындарға Жер кодексін түсіндірмек. Экономика министр тіпті азаматтардың кез-келген сұрағына жауап беремін деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

8671738

Сурет newskaz.ru

Өйткені, даулы құжатты дәл осы Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп, Парламентке бекіттіріп алған еді. Досаевтың айтуынша, Үкімет шетелдіктерге ауыл шаруашылығына арналған жерді жалға беру уақытын ұзартуға мәжбүр болыпты. Өйткені, 10 жылды азсынған инвесторлар елімізде егін егіп, мал бағуға мүлдем қызығушылық танытпаған. Ал, ел азаматтарына жерді түбегейлі сатып алуына болады. Сондықтан, Ұлттық экономика министрлігі жаңа Жер кодексін сол күйде өзгеріссіз қалдырмақ.

“Қазақ үшін жер қасиетті екенін білеміз. Сондықтан, шешім қабылдарда жан-жақты таразыладық. Қосымша қаржы, жаңа технология тарту үшін мерзімді ұзартып отырмыз. Өзім аймақтардағы ауыл, ауданды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргіземін. Азаматтардың кез-келген сұрағына жауап беруге дайынмын”, – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Бизге тусиндиру ушин келмеиак коисын,келсе жерди сатпаимыз, жалга бермеимиздеп уаде беру ушин келсин. Жер сатады жалга бериледи дегенге тусингимиз келмеиди де.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар