Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың немересі Жақсыбековке Талдыкөл маңынан киізүйді өзі құрып беретінін айтты

Қазақстан президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев қала әкімінің жағымсыз иісті жою мәселесін шеше алмаған жағдайда, Талдыкөл маңынан Әділбек Жақсыбековке арнап киізүйді өзі құрып беретінін айтты.

11885188

Сәуір айының аяғында елбасы Жақсыбековке, Астананың сол жағалауындағы жағымсыз иісті жоюды тапсырған. Президент қала әкіміне бұл мәселені шеше алмаған жағдайда, Талдыкөл жанынан киізүй құрып, сол жаққа көшіріп жіберетінін айтқан болатын.

 
«Жақсыбековтың алдында футбол сайқымазақ кейіпке айналмаған. Әр түрлі жағдай болды. Бірақ, дәл циркке айналып кетпеген еді. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіби басшының қалайша тұрмыстық мәселені шеше алмайтыны таң қалдырады. Мен Астананы жаулаған жағымсыз иіс жайлы айтып отырмын», – дейді Айсұлтан Назарбаев Facebook желісіндегі парақшасында.

«Бұл мәселеде президент көпшілік алдында тапсырма берген соң, қорытынды шығару керек. Мен Астана қаласының тұрғыны ретінде айтамын: Менің сасып жатқан қалада тұрғым келмейді. Егер бұл мәселе шешілмей, елбасының айтқанындай болатын болса, Талкөл маңынан кизүйді өзім құрып беремін. Өйткені, президенттің тапсырмасы орындалуы керек», – деп жазады Айсұлтан Назарбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Айсұлтан Назарбаев ел футболын дамытатын жаңа тәсіл ұсынды

Талқылау