Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың немересі Венера туралы не білеміз? (видео)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Венера Назарбаева тұрмысқа шығып, қазақстандық БАҚ-та басты жаңалыққа айналды. Бүгінде 18 жасында тұрмысқа шыққан Венера өзін шығармашылық қырынан да таныта білген.

Назарбаевтың немересі Венера туралы не білеміз

Осыған орай, Sputnik Қазақстан Назарбаевтың немересі Венера туралы қызықты деректер ұсынды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Венера Назарбаева – Қазақстан Республикасы парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның қызы.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Венера 2000 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Дариға Назарбаева 2003 жылы “Огонёк” журналына берген сұхбатында қызы Венераның Вена қаласында туылғанын айтқан болатын.

“Қызымды жұма күні босандым, итальян тілінде жұма “венерди” деп айтылады. Бұған қоса, сол күні 2000 жылы 5 мамырда ғаламшарлар шеруі болды. Қызым туылған торпақ жұлдызын “Венера” планетасы жебейді. Сол себепті осы есім ең лайықты деп таңдадым”, — дейді Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, ол «қазақстандық дәрігерлердің шектен тыс құлшынысы, керісінше, зиянын келтіруі мүмкін» деп қорқып, Еуропаға кетіп қалған.

18 жастағы Венера өзін шығармашылық қырынан да таныта білген. Ол “Алматы, алғашқы махаббатым менің” атты ретро-фестивальде, концерттерде ән шырқап, 11 жасында “Байқоңыр”фильмінде шопанның қызы болып эпизодтық рөлді ойнады.

Назарбаевтың немересі Венера туралы не білеміз

“Әрқайсының талмағы төрт келіден болатын екі лақты көтеріп жүру қиын болды. Олардың көтеремін деп, қатты шаршағаным сонша үйге келген бойда ұйықтап қалдым”, — деген еді Венера 2011 жылы кинодағы алғашқы рөлі жайлы.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Венера Шайжүнісовтер әулетінің ұрпағы, 22 жастағы заңгер Даленге тұрмысқа шықты. Неке қию рәсімінің қалай өткенін келесі сілтеме бойынша оқи аласыздар.

Назарбаевтың немересі Венера туралы не білеміз

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау