Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың баспасөз хатшысы президенттің тіл мәселесіне қатысты пікіріне түсініктеме берді

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев, Нұрсұлтан Назарбаевтың қойып отырған талабы орыс тіліне де, қазақ тіліне де қатысты екенін айтты.

1438785678_a

Сурет www.matritca.kz сайтынан алынды

“Президент өз сөзінде шенеуніктер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың сұраныс жасаған тілінде жауап беру керектігін айтты. “Тіл туралы заңда” мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда азаматтардың сұралымдарына жауаптар мемлекеттік тілде немесе жалпы қарым-қатынас тілінде беріледі” деген. Шенеуніктердің заңға біржақты көзқараспен қарап жататын кездері болады. Президент осыған қатысты қылып та айтты. Яғни, бұл билік өкілдерінің қазақша сөйлейтін азаматқа лайықты жауап қайтара алмауына да тікелей байланысты. Сондықтан да, бұл тақырып төңірегінде алаңдауға себеп жоқ. Мемлекеттік тілдің дамуы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі, тиісінше оған шек қою – еліміздің ұлттық мүддесіне керағар”, – дейді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерге орыс тілінің құқығын шектеп, ресми тілдің қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылуына қатысты заң бұзушылыққа жол беруді нағыз тәртіпсіздік деп атап, бұған жол берген шенділердің жұмыстан қуылатынын да айтқан еді.

Талқылау