Назарбаевтың баспасөз хатшысы президенттің тіл мәселесіне қатысты пікіріне түсініктеме берді

Сәрсенбі, 17 Ақпан , 2016 14:51

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев, Нұрсұлтан Назарбаевтың қойып отырған талабы орыс тіліне де, қазақ тіліне де қатысты екенін айтты.

1438785678_a

Сурет www.matritca.kz сайтынан алынды

“Президент өз сөзінде шенеуніктер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың сұраныс жасаған тілінде жауап беру керектігін айтты. “Тіл туралы заңда” мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда азаматтардың сұралымдарына жауаптар мемлекеттік тілде немесе жалпы қарым-қатынас тілінде беріледі” деген. Шенеуніктердің заңға біржақты көзқараспен қарап жататын кездері болады. Президент осыған қатысты қылып та айтты. Яғни, бұл билік өкілдерінің қазақша сөйлейтін азаматқа лайықты жауап қайтара алмауына да тікелей байланысты. Сондықтан да, бұл тақырып төңірегінде алаңдауға себеп жоқ. Мемлекеттік тілдің дамуы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі, тиісінше оған шек қою – еліміздің ұлттық мүддесіне керағар”, – дейді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерге орыс тілінің құқығын шектеп, ресми тілдің қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылуына қатысты заң бұзушылыққа жол беруді нағыз тәртіпсіздік деп атап, бұған жол берген шенділердің жұмыстан қуылатынын да айтқан еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Билмейтиндер миндетти турде казакша уйрену керек. Кыскасы сол…

  • жанашыр says:

    Ашу душпан акыл дос. Алла халкыма сабыр берсин.

  • Жұмбақ жан says:

    Бүгін басқаша сөйлеп қалыпсыздар кеше жағдайды естип халық көтеріліске шығуға дайындалып жаткан еди. Əлі халықтың жүректері ауырып жүр!

  • Жұмбақ жан says:

    Жұмыстан қуғаннан гөрі озге ұлттарға қазақ тілін де сөйлесіп қазақ тілінде жауап алуды міндеттегенде дұрыс болар еді Ресей ге барсаң орыс сен қазақ екенсиң деп қазақша сөилемеиді ғой сол біздің орыстан қай жеріміз кем?

  • Жанашыр says:

    Негизи адамдар катыгез болып барады ау. Соз андыган заман болды. Озин елбасынын орнына койып создин манисин саралап жаткан адам жок. Айтеуир жерден жети коян тапкандай минеуге шебер. Халык арасына иритки салу осындайдан шыгатынын ойлап жаткан ешким жок. Тилге жаны ашыгандар оз арасында казакша сойлесин. Жаймен озгени уйретсин. Так атойлап шу котермей. Мейримдилик керек адамдарга. Кажет кезде кеширимди болу артык етпейди.

  • Жұмбақ жан says:

    Сонда қалай болғаны маған орыс тілде сұрақ қойылса мен сол сұраққа орыс тілінде жауап беруге заң алдында міндеттімінбе? бұл барған опасыздық қазақ тілінің одан ары өлтіру емеспа. ертең бір орыс сен орысша жауап беруің керек деп мін тақса не болады. Ал енді мемлекеттік тілді білмейтін ченеунік болсын жай азамат болсын олар қазақ тілі түкке керек еместігін толық көздерін осы жағдай жеткізбейдіме. Мен еліміздің көп ұлтты саясатына қарсы емеспін, керісінше қолдаймын алайда тілімізді дінімізді ұлтымызды сақтауға көп іс əректтер мемлекеттік деңгейде белгілі бір үкімдер қолданылса деп ойлаймын.

  • Дамира says:

    Осы Елбасы бір мәселенің басын ашып сөйлей қалса бітті, іліп әкетіп шулай жөнелетін болдық қой. Президент ана тілімізге қашан да құрметпен қараған.

  • Жұмбақ жан says:

    Ақталу басталды…. кеше бірден айту керек еді, енді “ақсақ қой түстен кейін маңырайды” ның сəті
    Ал , негізінде қазақ тілін жер қылды

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар