Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың арқа тұсында тұрып тілін шығарған қыз өз әрекетін түсіндірді (видео)

Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің үшінші курс студенті Инна Мальцева өзінің бұл әрекетінде Қазақстан президентіне деген құрметсіздік болмағанын айтты.

34_main

“Мен жәй төмен қарап тұрдым. Сахна өте ыстық болдық. Бізді қос-қос қабат күртешемен қалың киіндіріп қойды. Мен сахнаға шығып кеттім де су ішіп үлгере алмадым. Сахнадағы техникалық қиындықтар кесірінен, біз онда 15 минуттай тұрып қалдық. Менімен жақсы араласатын адамдар, менің әр жарты сағат сайын литрлеп су ішетінімді біледі. Менің қатты су ішкім келіп, тағатсыздана бастадым. Қазір сол кездегі жағдайды дәлме-дәл сипаттап бере алмаймын, себебі ол жерде әрекетім еркімнен тыс шығып кетті. Төмен немесе қапталған қарап кеткен кезде менің ернім кезеріп, амалсыз тілімді шығаруға тура келді”, – дейді ол.

“Мен Қазақстанда туғаныма мақтанамын. Егер, менің әрекетім кімде-кімнің қытығына тиген болса, кешірім сұраймын”, – деп атап өтті студент қыз.

Инна, өзінің атына келіп түскен жағымсыз пікірлерді оқып жаны ауырғанын да айтты.

“Маған біздің президентімізді құрметтемей тұр деген мәндегі пікірлерді оқу ауыр тиді. Біріншіден, менде ешқашан ондай ой болған емес. Өйткені мен біздің халқымызға, біздің елімізге үнемі құрметпен қараймын. Мен өзімді патриотпын деп айта аламын, себебі мүмкіндік шыққанда да елімді тастап шетелге оқуға кетпедім. Егер мен біреуді қаралап, әдейі жасағым келсе тілімді дұрыстап тұрып шығарар едім. Бұл бейнежазбаны бір журналист алды да, монтаждап, әдейі жасап жіберді. Мұндай өңделген видео арқылы мен тілімді әдейілеп шығарған секілді көрінемін. Ал менде ондай ой болмады. Бүкіл елдің алдында олай жасайтындай ақымақ емеспін”, – деп түсіндірді Инна.

Студент өзінің белгілі модельдік агенттікте жұмыс істейтінін, мұндай ірі көлемдегі шараға бірінші рет қатысып отырмағанын айтты. Мен өз-өзімді ұстауды жақсы білемін. Мұндай шараған бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Адам өз-өзін бақылай алмай қалатын жағдайлар өмірде болып тұрады дейді ол.

“Алда не күтіп тұрғанын білмеймін. Мен қазір қалада емеспін. Астанада 27-ші наурызда боламын. Мен ешкімнен тығылып жасырынбаймын. Әрине, бұл жағдайдың жайсыз болғанын білемін. Университеттегі менің беделім жақсы деп айта аламын. Бұл қылығыма жаза қолданған күннің өзінде күлкілі болар еді. Қай жағынан алып қарасаңыз да мұның әдейі жасалмағанын, адами фактор әсерінен болғанын байқауға болады. Мен адамдарға дәлелдеймін деп шаршап кеттім”, – дейді Инна.

Студент аталған іс-шараға ешкімнің күштеуімен емес, өз еркімен қатысқанын да айтты. Жақында ғана ол “Мисс КазАТУ-2016” атанған.

Талқылау