Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың портреті ғимараттар мен кабинеттерде қалады

Нұрсұлтан Назарбаевтың портреттері мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен кабинеттерінде қалады. Бұл туралы Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

«Сонымен қатар елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беру керек деп санаймын. Тұңғыш президенттің фотосуретінің бәрі міндетті атрибут ретінде көпшілікке арналған ғимараттарда, мемлекеттік қызметкерлердің кабинеттерінде, оқу орындарының ғимаратында қалады», - дейді президент. 

Сондай-ақ, ол елбасының өмірлік іс-әрекеті «Тұңғыш президент туралы», «Елбасы туралы» заңдарға сәйкес қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

«Елбасыда барлық қызметтік инфрақұрылым сақталады. Нұрсұлтан Назарбаев - еліміздің тұңғыш әрі жалғыз елбасы болып қала бермек, ол - халықтың әкесі», - дейді Тоқаев. 

Айта кетсек, бүгін, 20 наурызда, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті атанды. Ол халықтың алдында ант қабылдады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау