БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Назарбаевтың кеңесшісі тағайындалды

Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің шешімімен Әділ Тұрсынов оның кеңесшісі болып тағайындалды.

Назарбаевтың кеңесшісі тағайындалды

"Тұрсынов Әділ Капанұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кеңсесінің ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Тұрсынов Әділ Капанұлы 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірді.

ҚР СІМ халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық байланыстар басқармасының референті, атташесі (1994-1996);

Үндістан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші хатшысы, Әзірбайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің екінші хатшысы (1996-1999);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы (1999-2001);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді (2001-2004 жж.);

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы уақытша сенімді өкілі (министр кеңесшісі) (2004-2008 жж.);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісінің орынбасары (2008-2009);

ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры (2009-2012 жж.);

Қазақстан Республикасының Грузиядағы Уақытша сенімді өкілі, Грузиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің кеңесшісі (2012-2014 жж.);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД департаментінің директоры (2015-2016);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (05.2016 бастап) болды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр