Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтану пәнін енгізуді ұсынды деген ақпарат бүгін қоғамда қызу талқыланды

Шымкент университетінің профессоры Нұрәлі Өткелбаев Білім және ғылым министрлігіне Назарбаевтану пәнін енгізуді ұсынды деген ақпарат бүгін қоғамда қызу талқыланды.

459A3BB9-8216-4C55-97C7-A090BE09DC06_mw1024_s_n

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Онда ғалым 101 томды құрайтын Қазақстан Президентінің баяндамалары мен мақалаларын пән ретінде оқу ордаларына енгізіп, оқулық жасауды ұсынғаны айтылған.

Бірақ бұл ақпаратты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растамады. Оның басшысы Әлібек Жұмабекұлы ақпаратты білмек болып, министрліктің тиісті департаментінен сұрағанын айтты. Алайда шымкенттік ғалымның ұсынысы жайлы ақпарат министрлікте жоқ екенін, тиісінше қолдау тапты деген де шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Талқылау