Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевқа Ресейде «Жыл адамы-2015» атағы берілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде «Халықаралық қатынас» аталымы бойынша «Жыл адамы-2015» сыйлығының лауреаты атанды.

1433524267l5oqt

 

Салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеудегі Құтқарушы Христ Шіркеуінде өтті. Ұйымдастырушылар – Орыс биографиялық институты мен Экономикалық стратегиялар институтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саясаттағы үздік жетістігі және Еуразиялық экономикалық одақты нығайтудағы үлесі үшін бұл сыйлыққа лайық деп танылды.

Еске салайық, 2012 және 2014 жылы да Қазақстан көшбасшысы осы атаққа ие болған болатын.

Сондай-ақ, осы жылғы лауреаттар арасында РФ Президенті В. Путин, БР Президенті А. Лукашенко, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Куба Президенті Р. Кастро, Татарстанның Тұңғыш Президенті М. Шаймиев, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирил, академик Л. Бокерия, кинорежиссер Н. Михалков, т.б. бар.

Талқылау