Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаева жұртты “сараңданбай салық төлеуге” шақырды

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева қазақстандықтарды салықтан жалтармауға, “сараңданбай”, табысынан бюджетке бөліп беруге шақырды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

1448456793_a

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Бүгін Астанада өткен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа жиынында сөйлеген Назарбаева халықтың “өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп, табыс табатын” бөлігінің “бюджетке бір тиын төлемей тегін медициналық көмек алып, қартайғанда әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы алуға ұмтылатынын” әділетсіздік деп атады.

“Ар-ұят болу керек, сараңданбай бөлісу керек, президентіміз айтқандай, салығын төлеп, ұйқың тыныш болуы қажет”, деген Назарбаев.

Назарбаеваның пікірінше, Қазақстанда 2017 жылға қарай өтуді жоспарлап отырған медициналық сақтандыру жүйесі өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтарды көлеңкеден шығаруға көмектеседі. Себебі өзін-өзі қамтамасыз ететін тұрғындарға сақтандыру полисі берілмейді.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 2015 жылдың соңында 2 миллион 339 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндер ретінде тіркелген. Ал экономикалық белсенді тұрғындар саны тоғыз миллионнан асқан. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін тобына тұрақты жалақысы жоқ, сауда-саттықпен айналысушылар мен ұсақ саудагерлер жатады. Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылдың үшінші тоқсанында ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер көрсеткіші 4,2 пайызды құраған.

Талқылау