Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаева сынға қатысты: ешқандай рақмет жоқ

Қазақстан вице-премьер министрі саясатқа араласқысы келетін әйелдерге саясаттың өте ауыр жол екенін, бұл жолға келу үшін мың мәрте терең ойланып алу керек екенін ескертті.-деп хабарлайды Қазақстан Жаңалықтары.

dariga-nazarbaeva

 

“Біздер, саясатқа араласып жүрген адамар, кәдімгі отын секілдіміз. Пештегі от өшпес үшін оған үзбей отын салып отырады. Саясатта да дәл осындай жағдай, -деді сәрсенбі күні Дариға Назарбаева IV Евразиялық саммитінде.

Оның айтуы бойынша бизнес пен отбасындағы әйелдің орны – 24 сағат бойы жұмыс істеу. Бизнес пен отбасының айырмашылығы сол – екеуінің де қайтарымы бар.

“Әйелдің кәсіпкерліктегі тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн жұмыс істейтінін мен айтпай-ақ қояйын. Ақша саласың, кредит аласың, ұйқы жоқ, уайым көп, жұмыс және жұмыс. Әйел отбасында тәулігіне 24 сағат болады, яғни жұмыс істеп те, балаларына қарап та, күйеуіне қарап та үлгереді, туған туыстарының да жағдайын реттеп жатады, солай ма?”, – деп сұрады Дариға Назарбаева отырғандардан.

Әйел адам отбасында күйеуіне қолдаушы болады, оны алға сүйрейді, қызметтегі өсуіне жағдай жасайды, балаларын өсіріп тәрбиелейді, өзінің, қайын жұртының жаңдайын ойлайды. Осы үшін оған соңында рахмет айтады. Ал, саясатқа араласқан әйел – 24 сағат бойы жұмыс істейді және оған тағылар сын мен айып таусылмайды, тіпті ешкім алғыс та айтылмайды,- деді вице-премьер.

Сондықтан ол саясатқа араласқысы келген әйелдерге жүз мәрте ойланып барып шешім шығаруға кеңес берді.

 

Талқылау