Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егістікке алғаш рет қарасора пайдаланылды

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева сораны медицина саласында пайдалану үшін, қажетінше қайта өңдеуге, ғылыми зерттеу жүргізуге лицензия беруді тапсырды. Бұл туралы Назарбаева сораны құрамындағы есірткіден бөліп, медицина және өнеркәсіп саласында тиімді пайдалану мәселесі бойынша арнайы кеңесте  айтты,-деп жазды pm.kz.

сора

Инвестиция және даму министрінің орынбасары Альберта Рау сораны жом әдісі бойынша қайта өңдеуді ұсынған. Онда қарасораның құрамындағы есірткі заттары өздігінен жоғалып кетеді.

Дариға Назарбаева бұл жұмысты Халықаралық есірткі өнімдерін қадағалау комитетінімен бірлесе отырып, БҰҰ Конвестициясына сай жүргізу керектігін атап өтті.

Бұдан бөлек жиналғандар тәжірибе ретінде Жол Картасының аясында есірткісіз сораның егістікте пайдаланылғанынан хабардар болды.

«Бұл ұсынысты жүзеге асыру мақсатында алғаш рет ОҚО-да, Алматы облысында, Қарағанды облысы, СҚО-да, сора егілген. Өнім АҚШ, Германия, Қытай, Бельгияға өңдеу мақсатында жөнелтілетін болады»,-делінген баспасөз баяндамасында.

Зерттеу бойынша сорадан түрлі қағаздар жасауға болады. Мысалы, ақша жасайтын қағаздан бастап, кеңсе қағаздарына дейін.

Жасалған зерттеулердің нәтижелері бойынша сорадан – банкноттан бастап орайтын және кеңсе қағазына дейін қағаздың барлық спектріне арналған целлюлозаны, сондай-ақ тоқыма және азық-түлік өнімдерін алуға болады.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары техникалық сорадан қағаз өндіру кезіндегі шикізаттың өзіндік құнының төмендеуіне назар аударды.

«Қазақстанның өз қағазы жоқ. Бізде бәрі импортталады, бұл өнімнің жоғары өзіндік құнына әсер етеді. Қазақстандық қағаз өндірісін іске қосу, оның ішінде баспа БАҚ үшін де аса өзекті», – деді Д. Назарбаева.
Кеңес соңында Д. Назарбаева сораның өнеркәсіптік өндірісін қатаң мемлекеттік бақылауда дамыту қажеттігін баса айтты

Талқылау