Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаева: 2017 жылы дәстүрлі ҰБТ тапсыруды тоқтатамыз

Бүгін ұстаздардың тамыз кеңесінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева ҰБТ алдағы жылдары қандай форматта өтетіндігі туралы айтты, -деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

дариға

Премьер-министрдің орынбасары биылғы ҰБТ-ның деңгейіне тоқтала келіп, келесі 2017 жылы ҰБТ тапсыру электронды түрде өтетінін ескертті.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгереді. Биыл ҰБТ жаңа форматта өтті. Тиісті балл жинай алмаған оқушылар үшін қайтадан тест тапсыру және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі қарастырылды. Келер жылы біз ҰБТ-ны толық өзгертеміз. 2017 жылы ҰБТ-ны электронды тестілеу жүйесіне өткіземіз», – деді Назарбаева.

Биылғы ҰБТ-ға қатысты БҒМ Ерлан Сағадиев те осы жиын барысында арнайы тоқталып өткен болатын.

 

Талқылау