Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев жылдам жүйткитін “Тальго” пойызына мінді

Астананың индустрияландыру аймағын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тұлпар-Тальго» зауытының кең кузовты жаңа модификациялы жолаушылар вагонын көріп, зауыт қызметкерлерімен әңгімелесті.

20160630170817

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Дәл қазір танысып шыққан  «Тұлпар-Тальго» зауыты. Өздеріңіз білесіздер, біздің Қазақстанда пойыздар сағатына қырық, ұзаса алпыс шақырым жылдамдықпен жүретін. Ал «Тұлпар-Тальгоның» жаңа пойызы сағатына жүз алпыс шақырым жылдамдықпен жүреді. Вагондардың іші кең, жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Осылайша, жолаушылардың жолға кететін уақытын екі есеге азайттық. Бұл экономикаға өте пайдалы», – деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясының ақпаратына сүйенсек, 2016 жылы зауытта 149 кең кузовты жолаушылар вагонын шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мүгедектерге арналған купелерде олардың еркiн жүрiп-тұруына барлық жағдай жасалған. Жаңа вагондар 50 градус аязда да жүре береді.

Талқылау