Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Жер мәселесіне қатысты арандатушылар анықталып, жазалануы керек

24 cәуір күні Атырауда жер мәселесіне қатысты рұқсат етілмеген митинг өткен еді. Бас көтерген халық  олардың ойынша, шетелдікке жерді сатуға рұқсат беретін Кодекске өзгерту енгізуді талап еткен.

жеррр

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Шетелдікке  Қазақстан жері сатылмақшы деп жұртты дүрліктіріп, арандатқан адамдар анықталып, жазалануы керек,-деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

«Соңғы кездері шетелдіктерге Қазақстан жері сатылмақшы деген мазмұндағы бейресми ақпарат таратылып, жұрттың назары осы мәселеге көптеп ауа бастады. Бұған дейін мұның шындыққа жанаспайтыны талай мәрте түсіндірілді. Мен тағы айтып өткім келеді: шетелдікке ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сату жайлы сұрақ болған емес, талқыға салынбайды да»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Жұрт шулаған сауда еш дәйекіз. Осы мәселеде арандатушылар анықталып, заң аясында жазасын алуы тиіс»,-деп қосты өз сөзіне  президент.


Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев бірқатар мектеп пәндерін біріктіріп оқытуды ұсынды


Өткен жексенбі күні Атырауда  рұқсат етілмеген наразылық шарасы болып өткен еді. Жиналған жұрт өздері ойлаған шетелдікке жер сатуға рұқсат беретін заңды өзгертуді талап еткен еді. Өзгертілген заңға сәйкес Қазақстан жерін шетелдік 25 жылға дейін жалға алып, пайдалана алады делінген. Бұған дейін шетелдіктерге Қазақстан жерін 10 жыл мерзіміне жалға алуға рұқсат бар еді.

 

 

 

 

Талқылау