Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Жасыратын несі бар, жаңа астананың өзі менің идеям

Нұрсұлтан Назарбаев «Астананың қалай қаланатыны» әлемдік қалалық даму орталықтарының арасында үлкен қызығушылық тудырғанын айтты. Елбасы бұл туралы «Казахстанская правда» газетіне берген сұқбатында әңгімелеп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Назарбаев: Жасыратын несі бар, жаңа астананың өзі менің идеям

“Астананы жоспарлауға арналған конкурс әлемдік қалалық даму орталықтарының арасында үлкен қызығушылық тудырғандығының куәсі болдық. Өйткені, сәулетшінің ашық далада жаңа қала тұрғызу жостары шабыттың ашылуы үшін қиялдың ұшуына керемет мүмкіндік. Жаңа астананы жоспарлауға алналған конкурсқа Жапония, АҚШ, Австралия, Италия, Франция, Германия, Ресей, Финляндия, Корея, Болгария және тағы да басқа елдерден түскен 50-ден астам жоба ұсынылды. Олардың ішінде байқауға қатысуға 27 жоба іріктелді. Бұл байқаудың нәтижесі бойынша, көрнекті заманауи сәулетші Кисё Курокаваның жобасы жеңіп шықты. Танымал сәулетші Курокаваның идеясына сәйкес, қала негізінен сол жағалауда дамуы керек еді. Әрине, ол жоба жай ғана идея болды. Өмір көптеген өзгерістер жасады. Сол сияқты бізде өмір талаптарына бағынып, жұмысты бастап кеттік”, – деп еске алады Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаңа астананы өз идеясы екенін де айта кетті. Ол сәулетшілерге қала әртүрлі бағыттар бойынша созылып жатқан мегаполиске айналмасын деген талап қойған.

“Жасыратын несі бар жаңа астананың өзі менің идеям. Мен жай ғана сәулетшілерге қала әр түрлі бағыттағы мегаполиске айналып кетпесін деп шарт қойдым. Курокава осы шартты басшылыққа алып, «Өмір қағидасы» деп аталатын ерекше жобаны ұсынды. Осылайша ол конкурсты жеңіп алды. Мен қала жансыз зат емес, тірі организм ретінде қалыптасқанын қаладым”,-деді Елбасы.

Президент сондай-ақ Астанадағы аралас архитектуралық стиль жөнінде және әлемнің басқа астаналарына барған кезде көрген ерекшеліктерімен бөлісті.

“Бразилияға барған кезде, маған Оскар Нимейер ойлап тапқан ел астанасының модернистік стилі ұнады. Кез-келген қала біркелкі салынған болса, ескіреді екен. Сондықтан, Астанада классикалық сәулет және модернистік стильдегі архитектуралық туындылар параллельді түрде дамуы керек. Біз де мүмкіндігінше солай жасап жатырмыз. Егер Ақорда, «Астана опера» театры, сыртқы істер, қорғаныс министрліктерінің ғимараты, «Астана Триумфы» тұрғын үй кешені классикалық стильде салынған болса, онда «Астана мұнарасы», «Хан Шатыр», «Астана-Арена», «Солтүстік шұғыла» тұрғын үй кешені үшінші мыңжылдық сәулет өнерінің үлгілері”,- деді Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат барысында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау