Назарбаев: Жастар отанын сүю үшін отан соған лайық болу керек

Жексенбі, 3 Шілде , 2016 12:18

 Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасынан көрсетілген «Мемлекет басшысы» деректі фильмінде шетелдегі қазақстандық студенттермен кездесулері туралы әңгімелей келе, бүгінгі жастардың патриоттық сезімі жоғары екеніне баса назар аударды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

президент

«Мен жастарды мақтан тұтамын, олар отаншылдық рухта тәрбиеленіп келеді. Шетелге барғанымда қазақстандық студенттермен кездесіп тұрамын, олар жатақханасына Қазақстанның туын іліп қояды, туған елді сағынады, біздегі жағдайды қадағалап отырады. Олар, тіпті, осында тұратын адамдарға қарағанда анағұрлым отаншыл. Бұл ғажап емес пе, ал олар отанын сүю үшін отан соған лайық болу керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы елімізде жаһанды жайлаған дағдарысқа жауап ретінде реформалар жүргізіліп, Үкімет тиісті шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы қазақстандықтар бұл күрделі кезеңді бірге еңсеретініне сенім білдірді.

«Мен біздің халқымыздың тұңғыш Президенті атана отырып, тұралаған экономиканы қайта көтердім, 20 жылдың ішінде адамдардың өмірі 19 есе жақсарып, Қазақстан әлемге танылды. Еліміздің туы Біріккен ұлттар ұйымында ілуі тұр. Оны мақтан тұтуға болады. Бұл өтпелі кезең емес, болашақ ұрпақтың есінде мәңгі қалады», — деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар