Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев жас көрінуінің сырымен бөлісті

Ағымдағы жылды қорытындылаған президенттен сөз арасында жас көрінуінің сыры да сұралды. Журналистер  Нұрсұлтан Назарбаевтан қандай тағамдарды тұтынатынын  жайлы сұрақ қойды.

назгор

Назарбаев бұл сұраққа жауап бермес бұрын алдымен күліп алды. Себебі, соңғы кездегі елдің сұлулық пен сымбаттылық жайлы   түсінігі президентке түсініксіз.

«Қазір жұрттың барлығы арықтасам дейді. Арықтардың өзі  азссам деп жүр.Меніңше адам ағзасы нені қаласа соны тұтынуы керек. Біз қазақтар етті қалай қоямыз? Мен нені қаласам соны тұтынамын. Бір ұрыға «Ұрлықты қашан қоясың» десе «Жылқы еті дәмдә болуын қоғанда» деген екен. Сол сияқты біз еттен бас тарта алмаймыз. Профессор Шормановты көрмейсіздер ме? 80 жастан асты қымыз бен жылқы етінің пайдасын айтып жүр»,- деді президент.

Елбасы адам денсаулығы жақсы болуы үшін спорт пен салауатты өмірдің де маңыздылығын айтап өтті.

«Біз әрдайым салауатты өмір салтын ұстануымыз керек. Дені сау ұрпақ қалдыруымыз керек»,-деді Назарбаев.

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шешім қабылдауда ішкі сезімге жиі сенім артатындығын айтты.

«Ә дегенде әрине, тәжірибеге жүгінесің. Тағайындайтын адамдарды білесің, істеп жүргенін, кімнің қалай екенін. Бәрін таразыға салып, қайсысы деген кез шынымды айтсам мен үшін ең қиын мәселе осы. Біріншіден, өзім тағайындаған азаматтардың сол жұмысты істей алмай, жұмыстан босатқан кезде қиналамын. Себебі оның өзін ғана емес, балаларын, ағайын-туғандарын ойлаймын. Мынаның аяғы шалыс кетіп, барлығы қиналады-ау деп, мынаны қазір жұмыстан алып тастасам, өзі де, барлығы да қиналады-ау деп ойлаймын. Одан кейін нақ тауып, дөп тауып, ертең жұмыс істеп кететіні қайсысы екен деп, оған да қатты қиналатыным рас. Ал енді тиісті адамды тауып, орнына қою ол да аз шешім емес», – деді ҚР Президенті.

Елбасының атап өтуінше, бір адам бірінші басшы болғанда өзін көрсете алады. Екіншісі өмір-бақи екінші орында тұрса, үшінші біреу үшінші орында өзін көрсетеді. Ал кадр таңдауда қателік жіберу бүкіл елге, мемлекетке зиянын тигізуі мүмкін.

«Мысалы, айтайық, Алматыдан Астананы осы жерге алып келу оңай шаруа ма? Ойлайсың, ертең ана жаққа ұшаққа отырып барайын деп. Барайын деп тұрасың ғой, бірақ бірдеңе саған «барма» деп тұрады – ішкі түйсік. Түйсік деген сөз, қазақта түйсіксіз екенсің деген сөз бар ғой. Түйсік деген бұл сөзге жатпайды. Меніңше, сезім деген дұрыс сияқты. Менде ол бар», – деді ҚР Президенті.

 

Талқылау