Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев жаңадан министрлік құру жөніндегі жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды.

20160720200912

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамына Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Аэроғарыш комитеті және Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті кіреді.

Қазақстан Республикасында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды, тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды. Жаңадан құрылған Министрлікке: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы; Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінен – ғарыш қызметі саласындағы; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінен – жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы;

Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің Кеңсесінен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамына Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Аэроғарыш комитеті және Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті кіреді.
Талқылау