Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев зәулім сарайға ұқсап салынған балабақшалардың құрлысына шүйлікті

Президент Өскемендегі бір балабақшаға барып, сарай сияқты салынған құрлысына таң қалғанын айтты. Сондай-ақ, мұны ысырапшылдық деп атады.

1453893749_a

«Өскеменде көрген балабақшам- кәдімгі зәулім сарай. Оны балабақша деп ойламайсыз. Есік алдында гректердікі сияқты ұстындар тұрғызылған», – деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс жиынында.

Президент балабақша-бүлдіршіндерді тамақтандырып, ұйықтатып аздап сабаққа бейімдейтін орын деп түсіндірді.

«Батыста көпқабатты үйлердің бірінші қабатындағы пәтерлерге жылы едендер орнатып, жастықтар тастап қояды. Мен әдейі кіріп соны тамашаладым. Бір жағында тамақ, келесі жағында ойыншық. Бала ойнап-ойнап ұйқысы келсе сол жерге қисая салады. Бізде ше? Бас-басына жатын кереует, әрқайссына бөлек писсуар ойлап таппайтындары жоқ», – деді президент.

«Мектептерді зәулім сарай құсатып салған. Ол жерде ботаникалық бақ, музыка мектебі, өмірі балалар  суықтап жүретін бассейн бәрі бар. Мектеп – ол балалар білім алатын кеңсе. Музыка, спорт мектептері қаланың ішінде де толып жатыр»,-деп аяқтады өз сөзін Назарбаев.

Өткізбеңіз:

Назарбаев қаласа бір доллардың құнын бір теңгеге теңестіре алатынын айтты

Назарбаев халықтың ақшасына қол сұққан шенеуніктерді сынға алды

Назарбаев базарға барып бағалардың түскеніне көз жеткізген

Талқылау