Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Зарина Диасқа жеке қолтаңбасы қойылған сағат сыйлады (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық теннисші Зарина Диасқа жеке қолтаңбасы қойылған сағат сыйлады. Елбасы Астанада федерация кубогі үшін Қазақстан мен Үндістан теннисшілері арасында болған ойынға қатысты, деп хабарлайды Stan.kz.

Назарбаев Зарина Диасқа жеке қолтаңбасы қойылған сағат сыйлады (видео)

Президенттен алған сыйлығын Зарина Диас Instagram-дағы парақшасында жариялады.

“Сөзсіз, сіздердің қолдауларыңыз ойын кезінде мен үшін өте маңызды. Әсіресе, Отан үшін өнер көрсеткен кезде. Бірақ президентіміздің жеке қолдауы өте қымбат. Нұрсұлтан Әбішұлы, көрсеткен қолдауыңыз бен біздің командаға артқан сеніміңіз үшін рақмет айтамын. Алға Қазақстан”, – дейді Зарина Диас.

“Осы бір құнды сыйлық үшін Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс білдіремін”, – деп жазды теннисші.

Айта кетейік, Зарина Диас ойын кезінде үндістандық Карман Каун Тхандиді 6:3 және 6:2 есебімен жеңді. Жалпы отандық құрама үндістерден 3:0 есебімен басым түсті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау